Olainfarm туралы

Olainfarm акционерлік қоғамы дәрілік препараттарды, белсенді химиялық субстанцияларды және басқа химиялық заттарды жасау саласында 45 жылдан астам өндіріс тәжірибесі бар Балтия елдеріндегі ірі компаниялардың бірі болып табылады.

Кәсіпорын өнімдерінің қоржынына 60 астам дайын дәрілік түр, 25 белсенді фармацевтикалық зат және 20 астам химиялық жартылай дайын өнім кіреді.
Olainfarm сау жүйке жүйесіне, жүрек және қантамырларға арналған, бактерияларға қарсы, вирустарға қарсы және аллергияға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектерге маманданады. Химия-фармацевтикалық өнімдер бағытында мол тәжірибе әсіресе адамантан, хинуклидин және нитрофуран қатары препараттарының өндірісі мен әзірлеуде жиналған.

Olainfarm Еуропа одағының Ең үздік өндірістік талаптарына, ISO 14001:2004 қоршаған ортаны басқару стандартына, ISO 17025 зертхана стандартына, ішінара – АҚШ (FDA) және Австралия (TGA) инспекциясының стандарттарына сәйкес сертификатталған және заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген. Olainfarm АҚ өнімдері сапасының растамасы Novartis, Dr. Reddy’s, Glenmark Generics, Sigma AU, Almirall Ranke, UQUIFA, MIAT, Actavis, Teva, Egis, PHF сияқты және көптеген басқа әлемдік және өңірлік деңгейдегі танымал компаниялармен бірге қызмет ету болып табылады.

2011 жылдан бастап Olainfarm АҚ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының туберкулезге қарсы құралдарын жеткізеді.

Olainfarm концерніне Silvanols жасыл фармацевтиканың латвиялық кәсіпорны, Latvijas aptieka дәріханалар желісі, Tonus Elast эластикалық медициналық бұйымдар өндірушісі, NPK Biotest табиғи дәрілік препараттар мен тағамдық қоспалар өндірушісі (Белоруссия), Klīnika DiaMed және Olainmed медициналық мекемелері, Kiwi Cosmetics экокосметика өндірушісі кіреді.

Кәсіпорынның еншілес компаниялары Латвияда, Белоруссияда, Ресейде, Литвада, Түркияда, Эстонияда, Чехияда, Әзірбайжанда және Қырғызстанда, өкілдіктері Ресейде, Украинада, Белоруссияда, Тәжікстанда, Албанияда, Арменияда, Моңғолияда, Грузияда, Косовода, Қазақстанда және Өзбекстанда, өкілдері АҚШ, Сербияда, Түркменстанда, Молдовада, Швецияда және Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан.

Olainfarm туралы